«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатында жыл сайын ерекше балаларға арналған директор шыршасы биылғы жылы жаңаша форматта өтті. Таңғажайып мереке естен кетпес жаңа жылдық шоу, ертегі кейіпкерлерінсіз оффлайн түрде жүргізілді. Әйтсе де, Аяз аталар балақайларды құттықтауды ұмытпады. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 90 баланың мекенжайына сыйлықтары жеткізілді. Планшеттер, тәттілер және «Казхромики» сурет салу дәптерлері сыйға тартылды.
Әр жыл сайын түрлі образдағы костюмдерін дайындап, тілек шыршасын жағып, кішкентай жүректерімен үлкен армандардың орындалуын тілейтін олар бұл таңғажайып мерекені асыға күтеді. Осы жылы барлық санитарлық нормаларды сақтап, ешқандай шара өтпесе де, кәсіпорынның кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесі бірлесе, балаларды жаңа жылдарымен құттықтауды ұйымдастырды. Сыйлық дорбаларына ие болған 90 баланың барлығы – Дөң тау-кен байыту комбинаты қызметкерлерінің балалары.
Жыл сайынғы шыршаны қызықтамаса да, балақайларға комбинат директорының жүрекжарды әдемі тілегі жолданды. Ата-аналар да дән риза. Бүлдіршіндер еріксіз қуанып, Аяз аталарға өлең-жырларын айтып, әндерін де шырқап берді.
– Жыл сайын балаларымызға көңіл бөліп, елеп жататын комбинат ұжымына аналық жүрегіммен рақметімді жеткізгім келеді. Ұлым үйде отырса да, жыл сайын жаңа жылдық мерекеден қалмайтын едік. Тәртіпке бағынып, келер жылды үйде отырып қарсы алуға тура келіп тұр. Десе де, ұлымды құттықтап келгендеріңізге алғысым шексіз. Жаңа жылдың жақындап қалғаны сезіледі, - деді ата-ана Раушан Нұрлыбаева.
Ризашылықтарын жеткізіп, карантин болса дағы, балаларының қашан да назарда жүретіндерін білген ата-аналардың алғыстары көптеп артылады. Қызметкерлер отбасына қиын шақта қолдау көрсету кәсіпорынға кедергі емес екендігі тағы бір мәрте дәлелденгендей.
Арайлым Ғани
Алексей Пименовтың фотосуреттері