Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан, Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан. Жасасын алтын бесік - атамекен Қазына қойнауында шалқып жатқан.
Қайырмасы: Қара тасты қайнатқан, Асыл тасты жайнатқан, Кеншілерміз бұрғысын Тереңдерге бойлатқан. Көк темірді балқытқан, Көк теңіздей толқытқан. Металлург біздерміз Ел байлығын шалқытқан!
Металлургам, горнякам за достойный труд По заслугам честь и славу воздают. Окрыляет нас всегда и мечты полет, Возвеличим мы Отчизну и народ.
Припев: Металлурги, горняки, Наши цели высоки, Мы - единая семья, Как руда и сталь крепки! Дружбой нашей мы сильны, Словно братья, сплочены, И в забоях, и в цехах Укрепляем мощь страны.
Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан, Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан. От кешкен, жалын кешкен батырлармыз Төсінде туған елдің қанат жайған.
Қайырмасы: Құрылысшы, байытушы - достарымыз, Қосылған бір майданда бастарымыз. Жасасын еңбекшілер ынтымағы, Жүзеге асып мәңгі арманымыз!
Қайырмасы: Тәуелсіз қасиетті қазақ елі, Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері. Барады болашаққа еркін басып, Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.
Қайырмасы: Қара тасты қайнатқан, Асыл тасты жайнатқан, Кеншілерміз бұрғысын Тереңдерге бойлатқан. Көк темірді балқытқан, Көк теңіздей толқытқан. Металлург біздерміз, Ел байлығын шалқытқан!
Новое на сайте: Эффективное взаимодействие работодателей и профсоюзных организаций в предупреждении социальной напряженности и разрешении социально-трудовых конфликтов